Тоғызқұмалақшылар жарысы
“Қазақ халқының ескі мұрасының бірі – Тоғызқұмалақ ойыны. Мұның қашаннан келе жатқаны жөнінде анық мәлімет жоқ. Тоғызқұмалақ ойыны бүкіл Орта Азияда, әсіресе қазақ пен қырғыз халықтарының арасында көп ұшырайды…
Бұл ойын қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі тез артып, тапқыштық жағы күшеймек”.
С.Аманжолұлы. Көрнекті түрколог ғалым.
Семей қаласы жоғарғы білім жəне арнаулы орта білім беру оқу орындарының ұстаздары мен қызметкерлері арасында командалық тоғызқұмалақшылар жарысына алғашқы рет Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжінің дене шынықтыру пәні оқытушылары Нургазин Б.Е., Жумаканов С.А., және математика пән оқытушысы Окасов М.С қатысып, 6 орын иеленді.